Бір күні түс қайта үйге келсем әйелімнің өңі бұзылып, бірдеңеден қорқып отыр екен.
- Саған не болды? - деп сұрадым. Ол толқыған дауыспен:
- Баламыз - деді. Мен бірден балаларымыздың бөлмесіне қарай асықтым. Бөлмеге кірсем балам көрпеге оранып жатыр, көзінде жылаған жастың ізі бар. Мен оны құшақтап: Саған не болды, балам - деп сұрадым. Әйелім де үнсіз, басын ұстап көрсем, аурудың белгісі байқалмады. Әйелінен тағы да не болғанын қайталап сұрадым. Ол тағы да үндемейді, баланың алдында айтқысы келмегенін түсініп, өзіміздің бөлмеге жүр деп ишара білдірдім.
Балаларды тамақтандырып болған соң, бөлмемізге келді. Ол бүгін болған жайттарды айтқан кезде, бәрі түсінікті болды. Бұл оқиғаның басын әйелім білмейтін еді, ол тек екінші жартысының куәсі еді. Мен оған түсінікті болу үшін басынан айтып бердім. Оқиға былай басталады....
Мен ұйықтар алдында, өзімнің 3 балапандарым болған Асма, Айша және жаңағы баламмен бірге жатуды ұнатамын. Мен олардың кішкентай ғана кереуеттерінде жату үшін, өзімнің бөлмемді тастап келетінмін, олармен жатқанда қатты қуанатын, ал менің қуанышымды айтпаса да белгiлi болар.
Ұйықтату үшін мен оларға ислам тарихынан түрлі оқиғаларды айтып беретін едім. Әрине үшеуіне үш түрлі оқиға ұнайды))
Мысалы : 8 жастағы қызым Асмаға Жүсіп (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың тарихы ұнайды, ал Айша Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) мен Перғаунның тарихы немесе оның сөзімен айтқанда жақсы адам мен жаман адам тарихы))), бірақ кенже балама қандай тарих айтса да, ол Жүсіп пайғамбар болсын, Мұса пайғамбар болсын (ол екеуіне Алланың сәлемі болсын) таңдамай, зер салып, мұқият тыңдайтын. Бір күні әдеттегідей қай пайғамбардың қиссасын айтып берейін, Жүсіп па, әлде Мұса ма деп сұрадым, қыздарым жарыса өзінің ұнататын қиссаларын айта бастады, бір кезде балам, екі қызымнан да қатты айқайлай: Омар ибн әл - Хаттаб - деді. Мені бұл сұраныс қатты таңырқатты..…
Себебі мен балаларымның алдында ешқашан Омар жайлы тіс жармаған едім.... Омар жайлы қайдан естіген екен, не үшін дәл Омарды айтуымды өтініп жатыр... Оның көңілін қалдырмау үшін Омар жайлы азды-көпті, тез-тез айта бастадым, бір жағынан дайындық та жоқ еді)) Мен оларға:
Бірде Омар халифалық кезінде түнде халқының жағдайын білу үшін, үйлерді аралап жүреді, бір кезде анасы қазанға от жағып, ішіне су мен тас салып, балалары біраз уақытта қазанда ас пісіп қалады деп ойласын деп қозғап жатқанын, ал балалары жылап жатқанын көреді. Омар жылап кетіп қалып, біраз уақыттан соң 1 қап ұнды өзі көтеріп келгенін, өзі арнайы оларға ас дайындап бергенін айттым... Сол түні балам қуанып ұйықтап қалды. Келесі күні Омар жайлы мен айтайыншы деді. Мен одан әзілдей: Сен білесің бе? - дедім. Ол әрине деп жауап берді. Кеше айтып берген оқиғамды дәлме-дәл қайталап бергенде, аузым ашылып қалды. Түннің үштен бірінде, Омар жайлы басқа қисса айтып бергенімді қалады. Мен оған Амр ибн әл - Астың баласын египеттік адамның ұрғаны жайлы айттым, ертеңіне сөзбе-сөз жаттап алғандай айтып берді. Осылайша бір айдай қайталап жүрдік…
Бір күні Омардың шыншылдығын, тақуалығын, батырлығын, ақиқатқа бекем, қатты ұстанатынын айттым....
Ертеңінде тағы қайталап берді. Кенеттен: Омар өлген ба? - деп сұрады.
Мен ия деп айтып қоюыма азғана қалды, бірақ ойланып қалып, Омар оның өміріне байланып қалған соң, оның өлімі қатты тиеді деп айтпадым!
Келесі күні тағы да сол сұрақты қойды, мен тағы да жауап бермедім. Сол сұрақты естімеу үшін, балаларыммен бірге жатудан қаштым...
Күндердің күнінде ол анасымен көшеге шықты. Көшеде қолына жылап жатқан баласын ұстап, балаларын тамақтандыру үшін өткен - кеткендерден көмек сұрап жатқан әйелді көреді. Сол кезде балам дауыстап: Көңіліңізді түсірмеңіз, Омар келіп, сіз бен балаларыңызды тамақтандырады - деді. Анасы аздап әлгі әйелге ақша берген соң, қолынан ұстап кетеді. Бір-екі қадам жүрген соң, бір бақуат, күшті жігіт, әлсіз жігітке зәбір беріп, ұрып жатқанын көреді... Менің балам адамдарға дауыстап, бұндай әділетсіздікке жол бермейтін Омарды шақырыңыздар деді. Анасы таңырқаумен болды...
Үйге қайтып бара жатып, көшеде ақша сұрап тұрған қайыршыны кездестіреді...
Оған ақша беріп, үйіне кіре бергенде, көршісі күйеуі ауруханаға түсіп қалғанын, қаражат жағынан көмектесуін сұрайды. Сонда баласы Омар өлген ба? - деп сұрайды.
Үйге кіріп, теледидарды қойып қараса, жүргізуші еврейлердің қасиетті әл-Ақса мешітіне жасап жатқан зұлымдықтарын көреді. Баласы теледидардың алдына жүгіріп келіп, мешітте намаз оқып жатқандарды әскерлер ағашпен ұрғанын, резиналы оқтармен атып жатқанын көреді. Анасына қарап Омар өліпті дейді. Омар өлді деп қайталап, жылай береді.
Есікті балам ашты, анасы үндемейді... Балам менен Омар өлді ма деп тағы сұрады. Мен оны көтеріп алып, күлімсіреп:
Сенің анаңның ішінде бала бар. Екі айдан соң ұл туады. Ол Омарды туады - дедім... Ол қуана: Омар ибн әл - Хаттаб, Омар ибн әл - Хаттаб - деп айқайлап қайталап, құшақтап алды.
Мен көз жасымды әрең ұстап ,Раббымнан Омарды рахымына бөлесін деп тіледім...
Оқиғаның соңы.
Омар өлді, бірақ он