Көз туралы қызықты 40 факт
Көз туралы қызықты 40 факт

Барды бар кезінде бағалай алмаймыз. Бізге - ақпарат мен Интернеттің әуесқойларына көздің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз онымен бәрін істейміз — көреміз, оқимыз, ойнаймыз, демаламыз. Ал олар жұмыс істейді! Әрдайым. Ендеше сізге көзіңіз туралы қызықты 40 фактыны оқуды ұсынамын.

 1. Қой көз негізінде көк түсті, бетінде қоңыр дақтары болады. Тіпті қоңыр көзді лазерлі емдеу арқылы көк көзге біржола айналдыруға болады.

 2. Жағымды заттарды көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.

 3. Адам көзінің мүйізгек қабығы акуланыкына қатты ұқсағаны сонша, акуланың мүйізгек қабығын көзге ота жасағанда алмастырушы ретінде пайдаланады.

 4. Көзді ашып тұрып түшкіру мүмкін емес.

 5. Біздің көзіміз сұрдың шамамен 500 реңкін ажырата алады.

 6. Әр көз 107 миллион жасушадан тұрады және олардың барлығы жарыққа сезімтал.  

 7. Әрбір 12-еркек — дальтоник.

 8. Адамның көзі тек үш спектрдің ғана аумағын қабылдай алады: қызыл, көк және жасыл. Қалған түстер осы түстердің үйлесімі болып саналады.

 9. Адам көзінің диаметрі шамамен 2,5 см, салмағы 8 гр.

 10. Барлық бұлшық еттердің ішінде көзді бақылайтын бұлшық еттер ең белсенділері.

 11. Адам көзінің көлемі туғанда қандай болса, қартайғанша сол қалыпты сақтайды, ал құлақ пен мұрын өсуін тоқтатпайды.

 12. Көз алмасының 1/6 бөлігі ғана көрінеді.

 13. Орташа есеппен алғанда, біз бүкіл өмірімізде 24 миллионнан астам әртүрлі сурет көреді екенбіз.

 14. Саусақ таңбаларының ерекше 40 сипаты болса, көздің сыртқы мөлдір қабығы 256 сипаттамаға ие. Сол себепті көздің ішкі тор қабығын түсіру қауіпсіздік мақсатында қолданылады.

 15. «Көзді ашып-жұмғанша» демекші, көзді бақылайтын бұлшық ет денедегі ең жылдам бұлшық ет. Жыпылықтау шамамен 100–150 миллисекундқа созылады және сіз де көзіңізді бір секундта бес рет жыпылықтата аласыз.

 16. Көз миға сағат сайын көп ақпарат беріп отырады. Бұл каналдың қажетті орындау мүмкіншілігі бір үлкен қаланың интернет-провайдерлерінің каналдарымен салыстыруға келеді.  

 17. Біздің көзіміз бір секундтың ішінде шамамен 50 затты көре алады.

 18. Біздің миымызға жіберілген сурет шындығында төңкерілген.

 19. Көз адам миын басқа дене мүшелерге қарағанда көп шаршатады.

 20. Әрбір кірпік шамамен бес ай өмір сүреді.

 21. Майя қыли көзділікті тартымды деп есептеп, балаларын қыли көз қылуға тырысқан.

 22. Шамамен 10 000 жыл Қара теңіз аумағында тұратын адамдардың көзінде генетикалық өзгеріс байқалып, осылайша көк көз пайда болғанға дейін барлық адамның көзі қоңыр болған.

 23. Егер суретке түскен кезде жарқылынан тек бір көзіңіз қызыл болып қалса, онда көзіңізде ісік болуы ықтимал (егер екі көз де бір бағытқа қарап тұрған жағдайда). Қуанышқа орай, оның емделіп жазылуы 95%.

 24. Шизофрения ауруын көздің қозғалысымен жасалатын қарапайым тесттің көмегімен 98,3%-ға дейін анықтауға болады.  

 25. Адамдар мен иттер ғана басқалардың көздерінен сыбыр, еске түсірулер іздейді.

 26. Шамамен әйелдердің 2%-нда сирек кездесетін генетикалық өзгеріс болады, яғни көздің қосымша торы болады. Ол 100 миллион түсті көруге мүмкіндік береді.

 27. Джонни Депптің сол сөз соқыр, ал оң көзі алыстан көрмейді.

 28. Канададан тұратын сиам егіздерінде таламусы ортақ екендігі анықталған. Осының арқасында олар бір-бірінің көзімен ойын оқып, көре алады.

 29. Адам көзі бірқалыпты (үзік-үзік емес) қозғалыс жасай алады, егер қозғалып тұрған затқа қарап отырса.

 30. Циклоптар (жалғыз көзді дәу) туралы аңыз ергежейлі өлі пілдердің сүйек қалдықтарын тапқан жерорта теңізі аралдарының халықтарының айтуымен пайда болған. Пілдің бас сүйегі адамның бас сүйегіне қарағанда екі есе үлкен, ал орталық мұрын қуысы көздің шарасы деп жиі қате пікір айтылған.

 31. Ғарышкерлер гравитацияның әсерінен ғарышта жылай алмайды. Жас кішкентай шарға жиналып, көзді жыбырлата бастайды.  

 32. Теңіз қарақшылары көзге байлауышты кеменің асты мен үстіндегі ортаны көруді жылдам бейімдеу үшін таққан. Осылайша, олардың бір көзі жарыққа, ал екіншісі қараңғылыққа үйренеді.

 33. Адамның көзі үшін аса «күрделі» түстер болады, оларды мүмкін емес түстер деп атайды.

 34. Жарықтың су арқылы өтетін жалғыз спектрі болғандықтан, біз нақты түстерді көреміз,

 35. Көз шамамен 550 миллион жыл бұрын дами бастаған.  Ең қарапайым көз бір жасушалы жануарлардағы фоторецептор ақуызының бөлігі болған.

 36. Кейде афакиямен ауыратын адамдарда көз бұршағы болмайды, жарықтың ультракүлгін спектрі көргенді ғана айтады.

 37. Аралардың көздерінде сызық болады. Олар желдің бағыты мен ұшу жылдамдығын анықтауға көмектеседі.

38. «Аполлон» миссиясының ғарышкерлері көздерін жұмған кезде жарықтың сызығы мен жарқыл көргендерін айтқан. Кейін анықталғандай, Жер шарынан тыс жерде олардың көздеріне сәуленің түсуі ғарыштық радиацияның әсерінен болған. 

 39. Біз көзімізбен емес, миымызбен «көреміз». Сапасыз бейне — ол бұрмаланған сурет қабылдаушы тетік сияқты көздің ауруы.

 40. Көздері көк ақ түсті мысықтардың шамамен 65–85%-ы саңырау болып келеді. 

MuhammadMuhammad
10 лет назад 42318
3 комментария
О блоге
0
127878 16 25 895 9